2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша Теңіз кен орнынан мұнай экспортының көлемін 347,1 мың тоннаға дейін ұлғайтты. 

2023 жылдың II тоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау портында Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша экспортқа 347,1 мың тонна мұнай жөнелтті.

Еске салайық, 2023 жылдың бірінші тоқсанында осы бағытта «ҚазТрансОйл» АҚ Теңіз кеніш орнынан экспортқа 19,2 мың тонна мұнай жөнелткен.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен Баку-Тбилиси-Джейхан мұнайы бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды.