«ҚазТрансОйл» 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге 45,4 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныс жылдық жалпы акционерлер жиналысына шығарылған, деп хабарлайды KASE.
Компанияның өткен жылғы таза пайдасы 56,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 45,386 млрд теңгені дивидендке бөлу, ал қалған 11,22 млрд теңгені компания қарамағында қалдыру ұсынылған.
Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 118 теңге болуы мүмкін.
Түпкілікті шешімді акционерлер 2026 жылғы 28 мамырға жоспарланған жылдық жиналыста қабылдайды.