ҚазМұнайГаз акциясы бүгін KASE саудасында бір сәтте шамамен 11,49% өсіп, өткен жұмадағы 26 мың теңгеге жетер жетпес көрсеткіштен бүгін Астана уақытымен 13:15-те 29,1 мың теңге болды.

Ал оның үлескер компаниясы ҚазТрансОйл акциясы 6%-дан артық өсіп 1105 теңгеге жуықтады.

Айта кетейік, бүгін мұнай бағасы да күрт қымбаттап, таңертең 09:00-де 77 доллардан асқан. Таяу Шығыста Иран мен Израиль арасындағы шабуылдар күшейіп, танкерлер зақымдалып, негізгі мұнай өндіруші өңірден жеткізілімдер бұзылғаннан кейін бірнеше айдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, 7% өсті.