Freedom Broker «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) IPO-ның қорытындысын шығарып, орналастыруға қатысқан клиенттердің портретін ұсынады.
Компания жазылу кезеңінде көлемі 90 млрд теңге болатын 17,6 мың өтінімді жинады, ал бұл жалпы жиналған соманың жартысы (181 млрд теңге) болып табылады. Өтінімдер 17,2 мың бірегей клиенттерден берілді, оның 41,5%-ы IPO-ға өтінімдер жинау кезеңінде шот ашты, сол арқылы бастапқы орналастыру Қазақстанның қор нарығына жаңа инвесторлық базаның келуіне ықпал етті.
Өтінімдер 67 млрд теңгеге қанағаттандырылды, бұл IPO бойынша қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы сомасының (153 млрд теңге) 44%-ы.
Бұл ретте қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа чек 2,2 млн теңгеден сәл астам құрады, барынша қанағаттандырылған өтінім чегі 1 млрд теңге сомасында болды.
Freedom Broker-дің клиенттері барлығы 8 млн-ға жуық акция сатып алды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ІРО-на қатысқан Freedom Broker-дің клиентінің портреті.
Бастапқы орналастыруға үлкен қызығушылық танытқандар – 35 жас пен 54 жас аралығындағы инвесторлар. Компанияның IPO-ға қатысуға өтінім берген клиенттерінің жалпы санынан олардың үлесі 47%-ды құрады, екінші орында 25-тен 34 жасқа дейінгі клиенттер (31%), 55 жастан жоғары санатта 12%, өз кезегінде 18-ден 25 жасқа дейінгі жастар клиенттердің жалпы санының 10%-ын құрады.
Географиялық тұрғыдан жеке тұлғалардың арасында өтінімдердің көлемі бойынша барынша белсенділікті қалалардағы инвесторлар танытты:
- Алматы (17,5 млрд теңгеден астам)
- Астана (шамамен 14,3 млрд теңге)
- Караганда (1,94 млрд теңгеден астам).
Өтінім берген жеке тұлғалардың ең көп шоттары жағынан үздік үштіктің қатарына мынадай қалаларды кіргізуге болады:
- Алматы – 9,2 мың
- Астана – 1,9 мың
- Актау – 1 мың.
Еске сала кетейік, 8 желтоқсан күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстан қор биржасында (KASE) және Astana International Exchange (AIX) акцияларымен қайталама сауда-саттықтың ашылуы өтті.
KMGZ (KMG) сауда-саттығының 09.12.2022 ж. қорытындысы бойынша акцияның құны 9030 теңгені құрады, екі биржада 7,42%-ға өсті.
Анықтама үшін:
IPO қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) деректеріне сәйкес, жалпы сомасы 181 млрд теңгеден астам сомаға 129 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 153 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер қанағаттандырылды. Қор ҚМГ-ның 18 303 584 жай акциясын өткізді (жалпы санының 3%-ы).
Бөлшек қазақстандық инвесторлардың өтінімдері 48,5% немесе 74,6 млрд теңгені, заңды тұлғалардан 47,2% немесе 72,7 млрд теңгені құрады, ал шетелдік заңды және жеке тұлғалардың өтінімдері жалпы алғанда 4,3%-ға немесе 6,55 млрд теңгеге тең.