«Қазхром» 2023 жылы басқарма мүшелеріне төленетін төлемдерді 2022 жылмен салыстырғанда 12%, айына 1,1 млрд теңге немесе бір топ-менеджерге 18,9 млн теңгеге дейін қысқартты (топ менеджер бесеу). Яғни жалпы, компания басшылығы былтырғы жылға 13,2 млрд теңге алды.
Естеріңізге сала кетейік, тау-кен металлургиялық холдингтің таза пайдасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 59,4%, яғни 197 млрд теңгеге дейін төмендеген.
«Қазхром» акционерлері (Eurasian Resources Group, ERG арқылы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (40%), Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы — әрқайсысы 20,7%, сондай-ақ Патох Шодиев (18,6%).
ERG-ге қарастя басқа компаниялардың да көрсеткіштері төмендеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында «Шұбаркөл Көмірдің» пайдасы 2,5 есе азайып, 16,1 млрд теңгені құрады.
2024 жылдың шілдесінде ERG негізін қалаушылар Александр Машкевич пен Патох Шодиев компанияның директорлар кеңесінен шыққан еді, олардың орнына ұлдары отырған.