«Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы 2026 жылдың 26 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының Компания акционерлеріне 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер мерзімдері мен төлеу мөлшерін бекіткенін хабарлайды.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы директорлар кеңесінің ұсынысы негізінде Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес, еркін ақша ағынының 75%-ын құрайтын 335,2 млрд теңгені мына кестеге сәйкес дивидендтер төлеуге бағыттау туралы шешім қабылдады:

Дивиденд мөлшері: бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 1 292,27 теңге

Төлемнің басталу күні: 2026 жылғы 28 шілдеден бастап.