Қазақтелеком АҚ 2024 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімін хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту;
- компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту:
- 93 067 044 000 теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірісінің 24,79%-ы 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге жұмсау;
- қалған бөлігін компанияның иелігінде қалдыру;
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтердің мөлшері – бір акцияға 2 096,60 теңге мөлшерінде бекіту.
Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.