Статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қытаймен тауар айналымы 10,7 млрд долларды құрады. Ресеймен арадағы сауда – 10,5 млрд доллар.
Қытайдың Қазақстанның сыртқы саудасындағы үлесі 19,2% (бір жыл бұрын – 17,1%). Ресей Федерациясының үлесі 18,8% (бір жыл бұрын 18,6%) болды.
Қытаймен тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 21,6% (немесе 1,9 млрд долларға) өсті. Ресей Федерациясынан – 9,6% (немесе 0,9 млрд долларға) көбейді.
2023 жылдың наурызынан мамырына дейін Қытаймен сауда Ресеймен салыстырғанда жоғары. Нақтырақ айтсақ, мамырда айырмашылық рекордтық 337,8 млн доллар болды (Қытаймен 2,55 млрд доллар, Ресеймен 2,21 млрд доллар).
2023 жылдың 5 айының соңында Қытайдан импорт 2,1 млрд долларға (5,9 млрд долларға дейін) өсті. Ресейден 0,3 млрд долларға (6,5 млрд долларға дейін) төмендеді. Атап айтқанда көлік импорты көбейді.
Экспортта жағдай керісінше: Қытайға 0,2 млрд долларға, 4,9 млрд долларға дейін төмендесе, Ресейге 1,3 млрд долларға, 4 млрд долларға дейін өсті.