Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың I жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге салынған инвестиция көлемі 12,2% азайып, $765 млн болды, деп хабарлайды LS.


Қазақстаннан ең көп қаражат құйған ел Кайман аралдары $308 млн. Былтырғыдан көрсеткіш 104% өскен.

Екінші орында Ресей былтырғыдан 168,3% көбейіп, $121 млн алды.

Үшінші орында Өзбекстанға құйылған инвестиция көлемі былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда 244% өсіп, $106,3 млн алды.

Одан кейін Нидерландыға $63,8 млн (-40%), БАӘ $43 млн (+61%), Қыргызстанға $25,2 млн (-54,6%), Қытайға  $22,4 млн (-15,1%), Түркияға $12,5 млн (+290,6%) және Сингапурға $11 млн (+1,8%) инвестиция салынған.

Беларусь, Молдова, Оңтүстік Кореяға жарты жылда $200 мың, Бельгияға $100 мың инветсиция салынған.