Қазақстанға жеткізілмек болған 1 мың тоннадан астам карантинге жатқызылған өнімге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2021 жылғы 1-8 қазан аралығында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан, Қырғызстан Республикасынан, Польшадан, Литвадан және Ираннан фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 86 әрекетін тоқтатты.
Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде
Ресей Федерациясынан 803 тонна алма, банан, қызанақ, картоп, қырыққабат, бұрыш, қызылша, сәбіз, бидай, ұн және басқа да өнімдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуі анықталды.
Қырғызстан Республикасынан 2,7 тонна құлпынай, таңқурай, құрма және раушан тамырын фитосанитариялық сертификатсыз әкелгені және олардың маркировкасыз екені белгілі болды.
Польшадан 20,3 тонна алма фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген.
Литвадан 19,9 тонна кешью жаңғағының карантинге жатқызылған өнімді екінші рет тексеруге ұсынбаған.
Ираннан 45,8 тонна алма әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды (көлік құралы түрінің сәйкес келмеген).
Нәтижесінде, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4,2 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұлдар салынды.
Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында 5 мыңнан астам бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 367,2 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.