2023 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстанға 6 087 тонна АИ-95 бензині импортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі 60,4 тоннамен салыстырғанда 101 есе көп, деп  хабарлайды статсика бюросы.

2021 жылы дәл осы айларда импорт болған жоқ, бірақ 2020 жылы жүздеген тонна болды. Рас, айта кету керек, 2018 жылға дейін жағдай мүлдем басқаша болды: ондаған мың тонна импортталды.

Биыл жаздан бері импорт артты: шілде-тамыз айларында жалпы көлемнің 65%-ы әкелінде. Дәл осы кезде билік Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тапшылық пен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апат туралы айта бастады. Көп ұзамай Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан АИ-95 бензинін бір реттік әкелуге ниетті екенін хабарлады.

Бірақ қыркүйек айының соңында сатып алуды тағы көбейту керек екені белгілі болды. Қазір Атырауда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.