Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 03-07 қазанында "KASE Global" секторындағы акциялармен сауда-саттық нәтижелерін ұсынады.
Аталған кезеңде "KASE Global" секторында жалпы сомасы 1 077,2 млн теңгеге шетелдік компаниялардың 18 515 акциясымен 514 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- Apple Inc. US0378331005 (AAPL_KZ) – жалпы сомасы 948,7 млн теңгеге 41 мәміле;
- NVIDIA Corp. US67066G1040 (NVDA_KZ) – жалпы сомасы 38,6 млн теңгеге 932 мәміле;
- Tesla, Inc. US88160R1014 (TSLA_KZ) – жалпы сомасы 12,0 млн теңгеге 43 мәміле.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде ең көп үлес жеке тұлғаларға тиесілі - 50,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 5,4%, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 44,3%.
Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында 51 шетелдік эмитенттердің 53 бағалы қағаздары енгізілді.