2022 жылы халықтың әрбір 100 мың тұрғынына маскүнемдіктің 53 жаңа жағдайы тіркелді. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 9% немесе 5 жағдайға төмендеді. Қазіргі мән соңғы 10 жылдағы минимум.
Жалпы, жыл сайын алкоголизммен ауыратындар азайып келеді. 2013 жылдан бері бұл үдеріс бір рет те үзілген емес. Орташа жылдық төмендеу қарқыны 15%.
2022 жылы мас қазақстандықтар жасаған 9,2 мың қылмыс тергелді. Ал бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есе көп.Мұндай қылмыстар негізінен ұрлық, көлік жүргізу және шабуыл жасауға қатысты.
2022 жылы алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу 511,7 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 37% (138 млрд теңге) артық. Сондай-ақ соңғы 10 жылдағы максимум.
2022 жылы 20 жастан асқан әрбір қазақстандық орташа есеппен алкогольге 40,9 мың теңге жұмсаған.