Біздің заманда кітапханаға тек студенттер мен мәдениет қызметкерлері келеді деп ойлау әдетке айналған. Дегенмен, кітап қорын сақтауға бағытталған кітапханалар білім мен мәдениеттің қақпасы саналады және адамдардың әлеуметтік-мәдени дамуына үлкен әсер етеді, деп хабарлайды ranking.kz.
Белгілі бір дәрежеде цифрлық ақпарат құралдарының кеңеюі және электронды кітаптардың өсуі салдарынан интернет «білімге монополияны ұрлады». Дегенмен, Қазақстан халқының кітапханаға деген қызығушылығы әлі де жоғары, олардың жойылып кету қаупі жоқ.
Расында да, соңғы 26 жылда еліміздегі кітапханалар саны екі есеге дерлік – 7352-ден 3920-ға дейін қысқарды. Соған қарамастан, адамдар 1995 жылғымен бірдей дерлік, тіпті 3,54% жиі келеді.
1999 жыл Қазақстан кітапханалары үшін ауыр жыл болды. Сол жылы келушілер саны небәрі 2,6 млн адамды құрады. Бірақ содан бері кітапханалар бірте-бірте танымал бола бастады және келушілер саны бүгінгі күнге дейін өсіп келеді. 2021 жылы келушілер саны 6 млн-нан астам болды, оның 34,6% -ы кітапхананың онлайн-ресурсын пайдаланушылар (2,1 млн).
Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу сауаттылығы деңгейін арттыру қажеттігіне баса назар аударған болатын, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми порталы. Президент бұл мәселеде жаңғырту мен цифрландыруды қажет ететін кітапханалар маңызды рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті.
Дегенмен, бүкіл ел бойынша цифрландыру деңгейінің өскеніне қарамастан, Мәдениет министрлігіне әлі де көп жұмыс істеу керек. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы ҚР кітапханаларының 56,7%-ы ғана интернет желісіне қосылған. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (28,5%), Атырау (30,6%) және Алматы (32%) облыстарында тіркелді. Үздік көрсеткіштер – Алматыда, бұл кітапханалары интернетке 100% қосылған жалғыз өңір.
Компьютерлермен қамту да ойдағыдай жүріп жатқан жоқ. Республика бойынша небәрі 11,5 мың компьютер орнатылған (яғни бір кітапханаға үш компьютерден аз), олардың тек үштен бірі – 34,1%-ы ғана келушілерге арналған.
Жалпы, 1995-2021 жылдар аралығында Қазақстандағы барлық мәдениет мекемелерінің ішінде – театрлар, мұражайлар, кинотеатрлар мен кітапханалар ішінде кітапханалар ең көп болған және солай қала береді. Бұл ретте сандық өсімге ие болған жалғыз мекеме театрлар (осы кезеңде 44,4% көбейген) және мұражайлар (бірден екі есе өсті). 2021 жылдың аяғында кинотеатрлар саны 1995 жылмен салыстырғанда 69,8%, кітапханалар саны 46,7% қысқарды.
Театрлар мен мұражайлар заманауи қалалардың белгісі болып саналады. Оларға деген қызығушылық, кем дегенде, COVID-19 пандемиясына дейін айтарлықтай өсті. Осылайша, алдыңғы онжылдықта (2009–2019) ҚР-дағы театр көрермендерінің саны тұрақты түрде 2 млн-нан жоғары болып, 2019 жылы рекордтық 2,9 млн көрерменге жетті. 2020 жылғы «корона дағдарысында» небәрі 894 000 көрерменге дейін төмендегеннен кейін, 2021 жылы жағдай біршама жақсарды, дегенмен жалғасып жатқан шектеулерге байланысты бұл көрсеткіш небәрі 1,2 млн адамға өсті.
Музейге келушілер саны бұдан да жоғары, 2009-2019 жылдар аралығында 4,1 млн-нан рекордтық 6,8 млн-ға дейін өсті. «Корона дағдарысынан» кейін 2020 жылы небәрі 2,4 млн келушілерге дейін төмендесе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 5,1 млн-ға қайта жетті.