Қазақстанда Pepsi және басқа да алкогольсіз сусын шығаратын RG BRANDS АҚ 2022 жылға аудиторлық есепті жариялады.
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, компанияның меншікті капиталы 2021 жылы 25,3 млрд теңгеден 2022 жылы 7,9 млрд теңгеге азайған.
Осы аралықта компанияның жиынтық активтері 93,9 млрд теңгеден 120,3 млрд теңгеге ұлғайса, жиынтық міндеттемелер 68,5 млрд теңгеден 112,4 млрд теңгеге көбейді.
Сонымен қатар сату көлемі 100,1 млрд теңгеден 156,4 млрд теңгеге өсті.
Жалпы кіріс 44,8 млрд теңгеден 68,3 млрд теңгеге көбейді.
Тиісінше таза пайда 9,6 млрд теңгеден 14 млрд теңгеге көбейді.
Жай акцяның баланстық құны 15 917 теңгеден 2 214 теңгеге құлдырады.