Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан халқының шамамен бестен бірі оқиды: өткен оқу жылының басында оқушылар саны 3,8 млн адамды құрады, жаңа оқу жылында мектепке 3,9 млн-нан астам оқушы барады.

Мұғалімдер саны оқушылардан он есе аз: ең соңғы деректер бойынша, олардың саны 398,9 мың адамға жеткен.

2024 жылдың қаңтар-маусым айларында бастауыш білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 260,4 мың теңгені, ал орта білім беру саласында 352,7 мың теңгені құрады. Салыстырмалы түрде, жалпы экономика бойынша орташа көрсеткіш 392,7 мың теңгені құрайды.

2023 жылға сәйкес, Қазақстанда 7833 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Соңғы бес жыл ішінде (2019-2023 жж.) 204,5 мың орынды 388 мектеп іске қосылды, олардың әрбір бесінші орын — Түркістан облысында. Үкіметтің болжамдарына сәйкес, дәл осы аймақта 2026 жылға қарай оқушы орындарының ең үлкен тапшылығы күтілуде.