2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда 3,8 мың тонна өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 27% артық. Алайда ақшалай есептегенде өндіріс күрт төмендеді – минус 28%, 8,4 млрд теңгеге дейін.
Орташа есеппен өнім арзанға шығарыла бастады деген сөз. 2023 жылдың қыркүйегінде шартты 1 кило 2230 теңге, ал 2022 жылдың қыркүйегінде 3940 теңге болды.
9 ай мерзім ішінде физикалық тұрғыдан өндіріс 10% өсіп, 28,9 мың тоннаға жетті, ал ақшалай алғанда 8%, 95,7 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бір жыл бұрынғы 3940 теңгемен салыстырғанда биыл 1 килоға шаққанда 3308 теңге болып шықты.
Сонымен қатар, биыл импортта да осындай жағдайлар орын алуда. Тоннамен біз бір жыл бұрынғыдан 11% көп импорттадық, ал доллармен 2% аз төледік.