Түркия маусымда мұнай импортын 5,3% арттырып, 3 млн тоннаға деійн жеткізді, деп хабарлайды Түркия энергетикалық нарығын реттеу кеңесі (EPDK).
Мемлекет қара алтынды ең көп Ираннан сатып алады. Иран Түркияға экспортты 1,3 есе арттырып, 1,2 млн тоннаға дейін жеткізді. Екінші орында Қазақстан. Біздің мемлекет бұл елге экспортты 1,7 есе арттырып, 575,1 мың тоннаға дейін жеткізді. Бұрын екінші орындағы экспорттаушы Ресей еді. Ресей мұнайын саты алуды Түркия 5,6% азайтып, 537,4 мың тонна болды. Ал Нигериядан импорт 207,8 мың тонна болды.
Ал дизель отыны 3,6% ұлғайып, 1 млн тонна болды. Мұнда Ресей көш басында, 398,9 мың тонна. Екінші орында Үндістан, 267,8 мың тонна. Грекия 220,5 мың тонна.