Қазақстан қор биржасында KASE Global секторы ашылды. Онда шетелдік құнды қағаздар саудаланады, деп хабарлайды қор нарығының баспасөз қызметі.
KASE Global секторын құрудағы мақсат - биржадағы сауда құралдарын кеңейту. Аталған секторда 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап сауда басталады. Бастапқыда аталған секторда америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE тзіміне енген шетелдік акциялар сатылатын болады.
KASE Global саудасы 11:20-дан 22:00-ге дейін өтеді. Валюта АҚШ доллары болады.
"Алдағы уақытта аталған сектордағы құнды қағаздарды көбейтеміз. Сонымен қатар сауда уақыты да созылады", дейді Қазақстан қор нарығының баспасөз қызметі.