Жаздың ортасы да болды, ал Instagramда жазғы жаңа фотосуреттер әлі жоқ па? Қазақстанда шілденің екінші жартысында өтетін Freedom Ticketon компаниясының фестиваль, концерт және спорттық іс-шараларын таңдау осы жағдайды түзетуге және жазыңызды жарқын әрі ұмытылмас эмоциялармен толтыруға көмектеседі. 

13-14 шілдеде Алматыда үлкен музыкалық TOYLA MUSIC FESTIVAL өтеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын музыкалық іс-шара жаңа үлгіде әрі бәрін қамти отырып ұйымдастырылады. Биыл фестиваль бұрынғыдан да ауқымды өткізілмекші: оған 2 халықаралық хедлайнер, сондай-ақ қазақстандық әртістер қатысады. Іс-шара аумағында маркет, танымал мейрамханалардан фудкорт жұмыс істейді, сондай-ақ фестиваль серіктестерінен түрлі іс-шаралар жоспарланады. Лайнап - JMSN (USA), Ivan Dorn (UA), Zoloto (KZ), Dose (KZ), Menindenimsaw (KZ).

Өткізіп алуға болмайтын тағы бір маңызды оқиға - көптен күткен және аңызға айналған FOURЭ 2024 фестивалі. Ол Алматыда 18-21 шілде аралығында Almaty Horse&Polo club (Рысқұлов ауылы, Солдат ауданы, Алматы облысы) ат спорты клубының аумағында өтеді. FOURЭ 13 жыл бойы айналасына ең батыл, мейірімді, саналы, креативті, жарқын және сұлу адамдарды жинады! FOURЭ - жыл сайын өтетін, көпшілікке жақсы таныс жаз мерекесі. Мұнда дәстүр бойынша би, шеберлік сыныптары, концерттер, дәмді тағамдар, танысу әрі көңіл көтеру сияқты  көптеген іс-шаралар өтеді. Балалар үшін фестивальде жеке KIDS ойын-сауық алаңы қарастырылады. Бұл жолы KIDS алаңында - "ШАПИТО" циркі өнер көрсетеді.

Шілденің Алматыдағы бірегей спорттық іс-шарасы - Еуропа-2025 W чемпионатына  іріктеу аясында өткізілетін Қазақстан W-Румыния W әйелдер құрамаларының футбол матчы. Ол 12 шілде сағат 19:00-де  Алматының Орталық стадионында өтеді. Қысым мен ыңғайсыздықты болдырмау үшін матч билеттерін сататын кассалар жабық болатынын ескерген жөн. Билеттерді онлайн платформалардан сатып алуға болады. 

Астанада, 20 шілде сағат 19:00-де Конгресс - орталықта “Рано или поздно", "Будь собой" хиттерінің авторы қазақстандық "Не все сказано" тобының қатысуымен Summer Fest өтеді. Сахнада deep house және pop жанрында ойнайтын Danna Max диджейі де өнер көрсетеді. Оның шығармашылығы Яндекс.Музыкаға 2,5 миллион тыңдаушы жинап, тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа қалаларында да музыка сүйер қауымның жүрегін жаулап алды. Оларға дарынды қазақстандық әнші  Ilkhan Ikhsan қосылады. Кештің хедлайнері  Қазақстанның ең жарқын топтарының бірі - Ninety One.

27 шілде сағат 15:00-де ASTANA Гольф-клубы алаңында дәстүрлі OYU FEST фестивалі өтеді. Жылына екі рет болатын (Алматы мен Астанада) ең жарқын қазақстандық орындаушылардың YouTube-тегі OYU видео-подкасты музыканы шынайы бағалаушылар үшін үлкен фестивальге айналады. Бұл жолы Tynyq, Asiya, Sadraddin, ARO, Aikyn, Dequine, Shiza, V$XV, PRiNCE, сондай-ақ аты аңызға айналған Nūrlan men Mūrat өнер көрсетеді.

25-28 шілдеде Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында бейне ойындар, комикстер, аниме және қиял-ғажайыптардың қазақстандық жанкүйерлері үшін көптен күткен Comic Con Astana 2024 іс-шарасы өтеді. Бұл - ТМД-дағы ең ауқымды және танымал гик-мәдениет фестивалі. COMIC Con ASTANA 2024 фестивалінде:

  • Еуропадан келген қазылар алқасының атақты мүшелерімен және 12 000 000 тг жүлде қорымен әлемдік ауқымдағы косплей байқауы;
  • әлемдік студиялардың интерактивті ойын-сауық стендтері;
  • белгілі отандық әрі шетелдік кітап және комикс авторларының, блогерлердің, актерлердің, суретшілердің және тағы басқалардың қойылымдары мен шеберлік сыныптары өтеді.

Шымкент тұрғындарын 15 шілде сағат 20:00-де Шымкент Мұз сарайында (Шымкент қ., Желтоқсан к-сі, 15/2) өтетін Modern Talking тобының бұрынғы солисі Томас Андерстің ұмытылмас концерті күтіп тұр. Концертте көрермендер әншінің хит шығармаларын, сондай-ақ ұмытылмас шоуды тамашалай алады. 

27 шілдеде Ақтау тұрғындарын AQTAU SUMMER FEST күтіп тұр. Бұл - музыкалық мереке және жазғы демалыс күндерін ерекше өткізудің ең жарқын үлгісі. Көрермендерді Rixos Water World аумағында орналасқан TetysBlu ойын-сауық саябағында атақты әртістердің қойылымдары күтеді. Кештің жүргізушілері ерекше көңіл-күй сыйлайды. Лайнап - DJ Almas Urombayev, Yenlik, Turar, Dе lacure, 6ELLUCCI. Кештің хэдлайнері - Ирина Кайратовна тобы.

Мұнда фуд-аймақтар, сондай-ақ сурет салу шеберханалары, интерактивті ойындар болады. Фестиваль аясында іс-шара серіктестерінен бағалы сыйлықтар ойналады. Айта кету керек, бұл іс-шара жағажайда өтеді, сондықтан  ыңғайлы киіммен келіңіз, күннен қорғайтын кремді, бас киім мен пледті ұмытпаңыз. 

Жаз жарқын және қызықты оқиғаларға толы, одан әркім өзіне қажетін табады. Жоғарыда аталған барлық іс-шараларға билеттерді қазақстандық іс-шараларға билеттерді сату жөніндегі онлайн-платформалардан сатып алуға болады.