Қалалық автобуста жол жүрудің жиі таралған жолақысы 80 теңге, мұндай сома мөлшері Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қонаев, Семей және Талдықорған қалаларында белгіленген.

Қазақстандықтар үшін қалалық автобуспен жол жүрудің ең арзан қалалары Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында – 70 теңге.

Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікке 100 теңгеден төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Астанада қалалық автобус 110 теңге болмақ.

Айта кетейік, Ақтау, Қонаев және Түркістан қалаларынан басқа елдімекендерде көлік картасы немесе QR арқылы төленетін мөлшер көрсетілген.