2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 11,6 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты өсім 5%-ды құрады. Бұл ретте Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы РФ үлесі бір жылда 23,7%-дан 18,3%-ға дейін төмендеді.
ҚР мен РФ саудасының 29,1%-ы ғана Қазақстанның Ресейне экспорты. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында экспорт көлемі 3,4 млрд АҚШ долларын құрады, нақты өсім – 0,5%.
Өз кезегінде, РФ-дан ҚР-ға импорт бір жылда 7%-ға өсіп, 8,3 млрд долларды құрады. Қазақстан импортының жалпы көлеміндегі Ресейдің үлесі былтырдан бері азайғанымен, әлі де болса айтарлықтай 38,5%-ды құрап отыр.
ҚР-дан РФ-ға 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында ең көп 574,7 млн АҚШ долларына 448,8 мың тонна бейорганикалық химия өнімдері, бағалы металдардың бейорганикалық немесе органикалық қосындысы, радиоактивті элементтер немесе изотоптар. Олардан кейін 400,3 млн долларға легирленбеген және легирленген тот баспайтын болат пен темір прокаты және 217,3 млн долларға күйдірілген пиритті қоса алғанда темір рудалары мен концентраттары сатылды.
Сандық мәнде 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР-дан РФ-ға тракторлар 3,5 есе, шлак, минералды силикат мақта және парақтарда немесе орамдарда осыған ұқсас минералды жүн 2,6 есе, раковиналар, қолжуғыштар, раковина консолдері, ванналар, биделер, унитаздар, су жіберу бөшкелері, дәретхана және керамикадан жасалған ұқсас санитарлық-техникалық бұйымдар, сондай-ақ химиялық құрамы анықталған немесе анықталмаған жасанды корунд, алюминий тотығы және алюминий гидроксиді 2,1 есе көп экспортталды.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында РФ-дан ҚР-ға 261,8 млн АҚШ долларына негізінен 333,3 мың тонна темірден, легирленбеген және легирленген, тот баспайтын болаттан жасалған құймалар импортталды. Одан кейінгі орында қара металл құбырлар, соның ішінде шойын құбырлар (202,8 млн АҚШ долларына 159,1 мың тонна), сондай-ақ темірден, қоспасыз және легирленген, тот баспайтын болаттан жасалған жалпақ прокат (159,8 млн АҚШ долларына 133,9 мың тонна).
2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда сандық мәнде РФ-дан ҚР-ға шайырлармен немесе басқа органикалық байланыстырғыштармен сіңдірілген немесе сіңдірілмеген ағаштан немесе басқа да ағаш материалдардан жасалған АЖТ, OSB тақталары және ұқсас тақталардың импорты ең көп (3,2 есе) өсті, одан кейін шағылысатын немесе шағылыспайтын, сіңіретін немесе сіңірмейтін, қаңылтыр немесе профильді бірақ басқа әдіспен өңделмеген құйылған және прокатталған шыны (2,7 есе), концентрациясы 80%-дан аз денатуратталмаған этил спирті, спиртті тұнбалары, ликерлер және басқа да алкогольді сусындар (2,3 есе), сондай-ақ қантты алу немесе тазарту нәтижесінде алынған меласса (2,1 есе) өсті.