Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында мынадай екіжақты құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Білім және жоғары білім министрлігінің арасындағы жоғары білім саласы және ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
4. Астана қаласының әкімдігі мен Доха қаласының муниципалитеті арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісім;
5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Сауда және индустрия министрлігі арасындағы сауда саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Муниципалитет министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрілігі Метрология және стандарттау институты мен Қатар Мемлекетінің Стандарттау бас ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы спорт саласы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарлама;
10. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарлама;
11. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің туризм жөніндегі ұлттық кеңесі арасындағы туризм саласы және маркетинг шаралары бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты арасында дипломаттарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.