Қазақстан Даму банкі 2023 жылға мемлекетке 90 млрд теңге дивиденд төлейді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Компанияның былтырғы таза табысы 180 млрд теңгені құрады. Банк оның жартысын – 90 миллиардты – жалғыз акционерге дивиденд төлеуге жұмсайды. ҚДБ-нің жалғыз акционері Қазақстан үкіметі басқаратын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі.
90 млрд теңгенің екінші бөлігі ҚДБ иелігінде қалады. Күтілетін дивидендтерді төлеу күні 2024 жылдың 27 маусымы. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 42,5 мың теңгені құрайды.
2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Даму банкі 2022 жылға 17 млрд теңге көлеміндегі таза пайданың жартысын «Бәйтерекке» жіберетінін мәлімдеді.
2020 жылдың наурыз айында үкіметтің қаулысы шықты, оған сәйкес барлық мемлекеттік компаниялар дивидендтер төлеуге таза пайданың кемінде 70 пайызын бөлуі тиіс.