Қазақстанда құны 100 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлкі бар 720 тұлға бар, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, олардың 90 пайызы Астана, Алматы, Шымкентте тұрады.
2021 жылы Қазақстанда 3,8 миллион жеке тұлға мүлік салығын төледі.
Бұл ретте 3 млн адамның (78,4%) құны 4 млн теңгеден аспайтын жылжымайтын мүлкі бар.
Жылжымайтын мүліктің бағалау құны әдетте оның нарықтық бағасынан ерекшеленеді.
2023 жылы Қазақстан билігі жаңа Салық кодексін әзірлеуді көздеп отыр, оған сәнді тұрғын үй мен қымбат көліктер үшін «люкс салығы» кіруі мүмкін.