Қазақстанның шетелдге велосипед экспорттайтынын біреу білсе, біреу білмейді.
Статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың маусым айында 24 454 екі доңғалақты велосипед (TN VED 8712003000) экспортталды. Мұның барлығы дерлік бір елге, Тәжікстанға (23,5 мың дана) экспортталды.
Тағы 889 дана Ресейге сатылды. Қырғызстанға (14), Хорватияға (5), тіпті Нидерландыға (1) да сатылған.
Маусым айында Тәжікстанға велосипед экспорт ақшалай есептегенде 44,7 мың долларды құрады.Яғни сатылған бір велосипедтің орташа бағасы екі доллардан аз!
Мысалы, Ресейде велосипедтер орташа есеппен 107 долларға сатылды - бір айда жалпы экспорт 95,6 мың долларды құрады.
Ал велосипедтердің импорты экспорттан көп. Маусымда шетелден шамамен 31,3 мың бірлік әкелінсе, оның 27,4 мың бірлігі Қытайдан әкелінді. Импорттың жалпы құны бір мезгілде 1,4 миллион доллардан асты. Яғни бір ведосипед орташа есеппен 46 доллар.