Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасына сапары
аясында «QazaqGaz»ҰҚ» АҚ Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік
ұлттық компаниясы SOCARмен өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
QazaqGaz басқарма басшысы Санжар Жаркешов пен SOCAR президенті Ровшан Наджаф қол қойған құжат екі елдің газ саласындағы басты бағыттарды айқындайды, жекелей алсақ:
- Қазақстандағы газ кен орындарын барлау және игеру;
- Газды терең өңдеу мүмкіндіктерін зерттеу, газ химиясын дамыту;
- Газ тасымалдау қуаттарын модернизациялау;
- Газ саласындағы жаңа жоғары технологиялық жобалар.
SOCAR
– Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік компаниясы. Негізгі қызмет түрі
Әзірбайжандағы мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру, сондай-ақ мұнай
мен газды ішкі және сыртқы нарықта сату болып табылады.