Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорданың экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, А. атты азаматтың «Ф» ЖШС-нің нақты иесі бола отырып, кәсіпорынды жақын туысына тіркеп, өзіне тиесілі кәсіпорнға жалпы құны 331 млн теңгеден асатын 18 көлік құралын, сондай-ақ 26 млн.теңгеден астам ақшалай қаражатты аударғаны үшін қасақана банкроттық іс-әрекеті анықталды.
А. атты азаматтың заңсыз іс әрекетіне қатысты жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша мемлекет пен заңды тұлғаларға келтірілген залал 94 млн теңгені құрағандығын дәлелденіп әдейі банкроттық жасағандығы үшін сот үкім шығарды.
Мемлекеттік кірістер органдары қасақана (жалған) банкроттыққа жол бермеу мақсатында жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Әдейі банкроттық белгілері анықталған жағдайда құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және субсидиарлық жауапкершілікке тартыла отырып, кредиторлар алдында өз меншігіндегі мүлкімен жауап беретіндігін барлығы түсінуі тиіс.