ҚДКБҚ нарықтан кейін 2021 жылдың қараша айына қысқа мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелерді ұлғайтты, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге керілдік беру қоры.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қараша айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

3 және 6 айлық мерзімді және жинақ салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер 0,2 пайыздық тармаққа ұлғайды. Бұған инфляцияның өсуіне байланысты банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің де өскендігі және депозиттердің бұл түріне деген сұраныстың артқандығы себеп болып отыр. Бұл енді қысқа мерзімді (3 және 6 айлық мерзімді және жинақ) депозиттердің жинақтық тартымдылығын және олардың мерзімсіз салымдар алдындағы артықшылығын нығайта түседі.

12 айға арналған жинақ салымдардың толықтыруға болатын түрі бойынша мөлшерлемелер 12,6%-ға дейін, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша 13,8%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте 12 айлық жинақ салымдардың толықтыру құқығы жоқ түрі - ең табысты салым болып қалуда.

Қор нарықтық мөлшерлемелер мониторингін негізге ала отырып, мерзімсіз, 12 және 24 айлық мерзімді салымдар, сондай-ақ 24 айлық жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды.

Депозиттің санаты

Толықтырылатын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

Қазан 2021

Қараша 2021

Қазан 2021

Қараша 2021

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,3

9,5 ▲

9,8

10,0 ▲

6 ай

9,3

9,5 ▲

9,8

10,0 ▲

12 ай

10,4

10,4

10,7

10,7

24 ай

9,2

9,2

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,3

10,5 ▲

10,8

11,0 ▲

6 ай

10,3

10,5 ▲

10,8

11,0 ▲

12 ай

12,7

12,6 ▼

13,9

13,8 ▼

24 ай

11,4

11,4

12,2

12,2