Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасының төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды Krisha.kz сарапшылары. Мониторинг жүргізілген 18 қаланың тоғызында ақпан айында пәтерлер арзандаған. Баға бір айда ең көп 2,4% Ақтауда төмендеді.
Сондай-ақ Қарағанды мен Петропавлда (-0,7%), Қостанайда (-0,9%), Семейде (-0,2%), Атырауда (-1,1%), Қызылордада (-0,4%), Талдықорғанда (-0,6%) және Түркістанда (-1,1%) баға төмендеді.
Тоғыз қалада да пәтерлер қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі Астана қаласында (айына 1,8%) байқалды. Алматы мен Шымкентте бағалар аздап өсті – тиісінше 0,4% және 0,2%.
Сонымен қатар, баға Орал (0,2%), Өскемен және Көкшетау (0,4%), Павлодар (0,3%), Тараз (1,4%), Ақтөбе (0,9%) қалаларында өсті.
Бүгінде Алматыда баспананың шаршы метрі 724 мың теңге, Астанада 485 мың, Шымкентте 421 мың теңге тұрады.Қазақстандағы ең арзан пәтерлерді Қызылордада – шаршы метрі 238 мың теңге, Ақтөбеде – 290 мың теңге, Талдықорған – 301 мың.
2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда Қазақстанда орташа ұсыныс бағасы бір жыл ішінде 1,4% төмендеді. Теріс динамика 13 қалада 0,5–5% аралығында байқалды. Осы кезеңде бағаның максималды төмендеуі Петропавл және Өскемен қалаларында (-4,6%) болды. Бұл ретте баға төрт қалада өсті: Ақтау (2,3%), Алматы (1,4%), Тараз (0,6%), Астана (0,2%).