Жаз – жөндеу жұмыстарының уақыты. Ал қай қалаларда құрылыс материалдары ең арзан тұрады?
Сонымен, ең қолжетімді цемент Тараз қаласынан табылды (50 кг — 1 611 тг), ең қымбаты Петропавлда (2 548 тг). Айырмашылық – 1,6 есе.
Құрылыс қоспаларының ең тартымды бағасы Атырауда (25 кг — 3 215 тг). Павлодарда баға тартымдылығы мүлде керісінше (5 009 тг). Айырмашылық тағы 1,6 есе.
Суэмульсиялық бояуларды Көкшетауда сатып алған тиімді (1 кг — 738 тг). Ал Астанада оны сатып алу мүлде тиімсіз (1 342 тг). Айырмашылық – 1,8 есе. Дәл айырмашылық кафельде де – шаршы метріне 3 762 тг (Тараз) және 6 898 тг (Ақтау).
Сонымен қатар, тұсқағаздарды Атыраудан (10 метр — 14 630 тг) емес, Ақтөбеден (10 041 тг) сатып алу 40% үнемдеуге мүмкіндік береді.