Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында Алматыдағы атысқа қатысты пікірін білдірді.
"Қоғамда резонанс тудырған Алматыда таяуда орын алған қайғылы оқиғаға жеке тоқталғым келеді. Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік борышын атқарды. Өкінішке орай өздеріне шабуыл салдарынан қаза тапты. Адам өлтіруді оның қандай да бір себебі болса да ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамды мұндай сипаттағы кез келген дау мен проблема тек қана құқықтық алаңда шешілуі тиіс", деген Президент мәселенің төркініне тоқталды.
"Бұған қоса, орын алған қайғылы жайттың мән-жайын тыңғылықты ашу керек. Мұндай жайт неліктен орын алғанын анықтау қажет. Кредиторлар мен проблемалы заемщылар арасындағы әсіресе тұрғын үйге қатысты қарым-қатынас өте нәзік. Мұны білеміз әрі заңдық жетілдіруді талап етеді", - деді.
"Қажет болса Үкіметке, Ұлттық банкке, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне бір ай ішінде заңнамалық және нормативті түзетулер пакетін дайындауды тапсырамын. Қайталап айтамын, қажет болса. Бірақ менің ойымша, қажеттілік бар", деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматы қаласы әкімдігіне трагедиядан зардап шеккендерге, әсіресе балаларға көмектесуді тапсырды.
"Өзгертулер дайын болса, мен оның дайын болатынынан үміттімін, Үкімет, мамандар мен қоғам тарапынан мұқият қаралып, келер жылдан бастап күшіне енуі керек", деді.