Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 6,4% өсті, деп хабарлайды статбюро.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында пошта қызметтерінің көлемі өсімін жалғастырды. 10 айда қызмет көлемі 2023 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда 6,4% артты. Жалпы көрсетілген қызмет көлемі 64,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 17 млрд теңге — халыққа көрсетілген қызмет көлемі.
Өңірлер бойынша пошта және курьерлік қызметтердің негізгі үлесі Алматы қаласына (56,8%), Астанаға (13,8%) және Қарағанды облысына (3,7%) тиесілі.
Айта кетейік, пошта қызметтерінің тарифтері жылдық мәнде өзгеріссіз қалды (2023 жылғы қазанға қарағанда 2024 жылғы қазанда), ал курьерлік қызметтер 2,4% қымбаттады. Олардың ішінде тарифтер Республика бойынша сәлемдеме мен бандерольдарды жеткізуге ең көп өскен – 2,9%.