Биыл қаңтар-мамырда Қазақстанда 280,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,5% артық. Оның ішінде тазартылған май өндірісі бір жылда 14,7% төмендеп, 60,8 мың тонна болса, тазартылмаған май өнжірісі керісінше 28% көбейіп 220 мың тоннаға жетті.
Өңірлер бойынша ең көп өндіріс Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 26,6 мың тонна тазартылған және 73,7 мың тонна тазартылмаған май өндірілген. Тазартылмаған май өндіруден екінші және үшінші орында Абай облысы мен Алматы қаласы, ал тазартылған май өндірісінен Алматы мен Шымкент қалалары үздіктер қатарында.
Анықтама үшін: толық 2022 жылы тазартылмаған май өндірісі 483,3 мың тоннаны құрады, бір жыл бұрынғыдан 81,8% артық, ал тазартылған май өндірісі 9,6% ұлғайып 180,1 мың тонна болған.
Биылғы бес айының қорытындысы бойынша, тазартылған және тазартылмаған рапс майы (бір жылда 3,1 есе көбейіп, 41,4 мың тоннаға жеткен), соя майы (2,7 есе, 13,2 тоннаға дейін), мақсары майы (2,3 есе, 1,5 мың тоннаға дейін), тазартылмаған күнбағыс (21%, 158,9 мың тоннаға дейін) өндірісі көбейді.
Ал тазартылған күнбағыс майы (27,4% азайып, 47,9 мың тоннаға дейін) және мақта майын (8,5% азайып, 5,1 мың тоннаға дейін) өндірісі айтарлықтай төмендеді.
Маймен қамту мәселесіне келсек, биыл қаңтар-сәуірде жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 83%-дың орнына 79,2% болды.
Импорттың үлесі тиісінше 20,8%-ды құрады. Импорт 54,7% артып, 59,4 мың тоннаға жетті. Бұл ретте май экспорты да өсіп, бір жылда бірден 27,6% өсіп, ресурстардың 41,1%-ын құрап, 117,2 мың тоннаға жетті.
Нәтижесінде еліміздің ішкі нарығында өсімдік майының сатылуы 167,8 мың тоннаға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,3% көбейді.
Күнбағыс майына сұранысты жергілікті компаниялар 83,4% қамтамасыз етті, бұл былтырғымен шамалас (83,5%). ҚР-дан 92,9 мың тонна күнбағыс майы экспортталды, бұл былтырғымен салыстырғанда 40,2% көп. Ішкі нарықтағы сату көлемі 3,8% азайып, 107,9 мың тонна болды.
ҚР май өңдеу кешенінің өкілдері Қытайдың бір провинциясымен тиімді келісімшартқа отырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (МДӨҰҚ) мен Динси қаласы Андин ауданының халық үкіметі арасында келісім жасалды. Биыл 6 шілдеде қол қойылған келісімге сәйкес, қытайлық Xinhui Port International Logistics компаниясы МДӨҰҚ құрамына кіретін өңдеуші кәсіпорындардан жыл сайын 55 млн АҚШ долларына өсімдік майы мен ақуызы жоғары жемдерді (шрот пен күнжара) сатып алады.
Қауымдастықтың мәліметінше, МДӨҰҚ құрамына еліміздегі майлы дақылдардың 90%-ға жуығын өңдейтін 39 қазақстандық май зауыты кіреді. Сондай-ақ оларға май экспортының 90%-дан астамы тиесілі.
2023 жылдың маусым айының соңында өсімдік майының бағасы бір жылда өзгеріссіз қалды (тіпті 0,4% аздап төмендеді). Күнбағыс майы былтырғымен салыстырғанда 0,9% арзандаса, зәйтүн майы, керісінше, бірден 19,1% қымбаттады.
Өсімдік майының қымбаттауы ҚР 20 өңірінің 9-да тіркелді. Ең көп жылдық өсім Астана қаласында (12,1%), сондай-ақ Атырау (10,8%) және Қостанай (6,8%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз өсуі Ұлытау облысында (0,7%), ал ең көп төмендеуі Шымкент қаласында (9,5%) байқалды.
Күнбағыс майының ең көп жылдық өсімі Астана қаласында (12,1%), ең азы – Қызылорда облысында (0,6%) тіркелді. Бұл өнім бағасының айтарлықтай төмендеуі Алматы қаласында (9,6%) байқалды.
Зәйтүн майы ең қатты Маңғыстау облысында (46,6%-ға), ең аз Ұлытау облысында (0,9%) қымбаттады.