2023 жылғы 1 тамызда Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 2 030 000 шоттан асты, оның ішінде 686 000 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 1 343 000 – омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын жеке шоттарға тиесілі.
Өткен айда KCSD жүйесіндегі шоттар саны 84 мыңға артты, оның тек 2,2 % – қосалқы шоттар, ал жаңа шоттардың негізгі көлемін омнибус-шоттар құрап отыр.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, бір жыл бұрын 2022 жылғы 1 тамызда KCSD жүйесінде жалпы 425 мың шот болды, оның 385 мыңы ұстаушылардың қосалқы шоттарына, ал небәрі 39 мыңы омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын жеке шоттарға тиесілі еді. Бір жыл ішінде омнибус-шоттардың өсімі 97% құрады, ал қосалқы шоттар саны 44% өсті.
KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректердің негізінде қазақстандық инвестордың портретін құрайды.
Қазақстандық инвестордың портреті шілде айында өзгерген жоқ. Гендерлік көрсеткіштер бір ай бұрынғы деңгейде қалды: әйел инвестор үлесі – 49,8%, ер инвестор үлесі – 50,2 %.
Ең үлкен топ әлі күнге дейін 35-54 жас аралығындағы инвесторлар болып табылады, олардың үлесі шілде айында 37,1% болды. Бұл жас тобында шамалы өсу байқалды.
Екінші орынға инвесторлардың жалпы санының 31,2%-ын құрайтын 25-34 жас аралығындағы топ жайғасты. Осы топтың саны шілде айында біршама өскені байқалды.
Үшінші топқа 18 бен 24 жас аралығындағы инвесторлар кірді, олардың үлесі 17,7% құрады. Өткен аймен салыстырғанда, инвесторлардың осы жас тобының саны біраз төмендеді.
Алматы (20 %) мен Астана (11,3%) дәстүрлі түрде аумақ бойынша көш бастап келеді. Үшінші орынды Түркістан облысы (9,3 %) иеленіп, 2022 жылдың наурызынан бастап екінші жыл қатарынан өз позициясын мығым ұстап тұр.
Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, бұл облыста қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,7%-ын ғана құрайды.