Айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 2024 жылдың басынан бастап 0,3%-ға немесе 35,1 млрд теңгеге төмендеп, 13,5 трлн теңгеге (30,0 млрд USD) жетті.

2024 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 113 Эмитенттің корпоративтік облигацияларының 416 шығарылымы болды. 2024 жылдың басынан бастап KASE ресми тізіміне 16 Эмитенттің 21 облигация шығарылымы енгізілді: "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ және "Онлайн ҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ үш шығарылымы, "ҚазАгроҚаржы" АҚ екі шығарылымы және "Робокэш.кз" МҚҰ" ЖШС, "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "TAS FINANCE GROUP" (ТАС ФИНАНС ГРУПП)" МҚҰ" ЖШС, "ALITA Stroy" ЖШС, "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ, "КА "ID Collect (АйДи Коллект)" ЖШС, JET Group Ltd. жеке компаниясы, "Birinshi Lombard" ЖШС, "ФРИДОМ ФИНАНС Кредит Микроқаржы ұйымы" ЖШС, "Oasis Logistics" ЖШС, "Olivia Stroy" ЖШС, "Жарқын Construction I" ЖШС және "СК Жаңа Бастау" ЖШС бір шығарылымы.  

KASE_BMY Индексі (негізгі алаңның корпоративтік облигацияларының кірістілік индексі) жыл басынан бастап 27 б.т. төмендеп, жылдық 14,18% мәнге жетті.  

2024 жылдың үш айында сауда-саттықтың жиынтық көлемі 714,1 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 53,0%-ға немесе 247,3 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 12,1 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,8 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 303 (қайталама нарықта – 298), бір мәміленің орташа көлемі – 40,0 млн теңгені (қайталама нарықта – 6,1 млн теңге) құрады.

2024 жылдың бірінші тоқсанында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 606,0 млрд теңгені құрады және 2023 жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,3%-ға немесе 228,0 млрд теңгеге өсті:

  • "Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигацияларын жылдық 12,50%-бен өтеуге дейінгі мерзімі бір жыл шартымен орналастыра отырып, 46,2 млрд теңге тартты;
  • "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жылдық 13,00%-бен 15 жылдық облигацияларды орналастыра отырып, 190,0 млрд теңге тартты;
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ жылдық 4,50% өтеуге кірістілікпен үш айлық облигацияларды орналастыра отырып, 7,3 млн АҚШ долларын (баламасы 3,3 млрд теңге) тартты;
  • "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жылдық 13,15%-бен 15 жылдық облигацияларды орналастырып, 190,0 млрд теңге тартты;
  • "Қазақстандық Тұрғын үй Компаниясы" АҚ жылдық 0,10% өтеуге кірістілікпен 30 жылдық облигацияларды орналастырып, 1,2 млрд теңге тартты;
  • "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ өтеуге орташа алынған кірістілігі жылдық 12,10-13,49%  және 0,9 жылдан 2,0 жылға дейін өтеуге дейінгі мерзімдермен облигациялардың сегіз шығарылымын орналастырып, 108,9 млрд теңге тартты;
  • "Лизинг Групп" АҚ облигациялардың екі шығарылымын орналастырып:

— өтеуге кірістілігі 9,99% және өтеуге дейінгі мерзімі 0,5 жыл болатын облигацияларды орналастырып, 1,5 млн АҚШ долларын (баламасы 673,6 млн теңге) тартты,

— жылдық 21,00%-бен және өтеу мерзімі 1 жыл болатын облигацияларды орналастырып, 300 млн теңге тартты;

  • "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС өтеуге кірістілігі жылдық 24,00% және өтеуге дейінгі мерзімі 0,9-1,8 жыл облигациялардың екі шығарылымын орналастырып, 1,7 млрд теңге тартты;
  • "ФинТехЛаб" Микроқаржы ұйымы" ЖШС облигациялардың екі шығарылымын орналастырып:

— жылдық 21,50 %-бен екіжылдық облигацияларды орналастырып, 200,0 млн теңге тартты,

— жылдық 11,00 %-бен екіжылдық облигацияларды орналастырып, 1,0 млн АҚШ долларын (баламасы 466,1 млн теңге) тартты;

  • "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ үш жылдық облигацияларды жылдық 10,0%-бен орналастыра отырып, 2,2 млн АҚШ долларын (баламасы 1,0 млрд теңге) тартты;
  • "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП) ЖШС өтеуге кірістілігі жылдық 22,00% және өтеуге дейінгі мерзімі 2,5 жыл облигацияларды орналастырып, 2,4 млрд теңге тартты;
  • "Orbis Leasing" ЖШС өтеуге кірістілігі жылдық 21,50% және өтеуге дейінгі мерзімі 0,9 жыл  облигацияларды орналастырып, 405,2 млн теңге тартты;
  • "R-Finance" Микроқаржы ұйымы" ЖШС жылдық 23,00%-бен екі жылдық облигацияларды орналастырып, 642,4 млн теңге тартты.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында банктердің үлесі 16,6%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 0,3%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 38,5%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 42,0%, жеке тұлғалардың үлес 2,6% құрады. Бейрезиденттердің үлесі 0,1%-дан төмен.  

Облигациялардың қайталама нарығында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сауда-саттық көлемі 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға немесе 19,3 млрд теңгеге өсіп, 108,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында банктердің үлесі 13,1%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 9,0%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 13,6%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 43,1%, жеке тұлғалардың үлесі 21,1%-ға тең болды. Бейрезиденттердің үлесі 7,5% құрады.