2021 жылғы 4-8 қазан аралығында АХҚО виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді.

Осы жылы АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығының басты тақырыбы – «Инвестиция туралы хабардарлықты арттыру». Іс-шараның негізгі мақсаттары: (1) инвестициялық мүмкіндіктер мен құралдар туралы ақпараттандыру; (2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері мен инвестициялық тәуекелдер туралы ақпараттандыруды арттыру; (3) инвестициялық сауатты ақпараттандыру арқылы қаржылық білімді насихаттау және қаржылық сауаттылықты көтеру; (4) қаржы нарығындағы инновацияларды талқылау. АХҚО-дағы Халықаралық инвесторлар апталығы тақырыптық тұрғыда инвестициялаудың, ақылды инвестициялаудың, цифрлық активтердің, тұрақты қаржыландырудың, алаяқтықтың алдын алудың, қаржылық сауаттылық пен білімнің негіздерін түсінуге бағытталады.

Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елдеріндегі қаржылық реттеушілерімен қор нарығын реттеушілердің халықаралық ұйымы болып табылатын Халықаралық бағалы қағаздар комиссиялары ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі. IOSCO мүшелері әлемнің 115-тен аса юрисдикциясында бағалы қағаздар нарығының 95%-нан астамын реттейді. Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-нің қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау бойынша IOSCO стандарттарына адалдығын көрсетеді. АХҚО-да виртуалды Халықаралық инвесторлар апталығының ұйымдастырушысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) болып табылады. 

2021 жылы АХҚО төртінші рет Халықаралық инвесторлар апталығын өткізеді. Осы жылы іс-шаралар вебинарлар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер мен онлайн панельдік сессиялар форматында өтеді. Іс-шараның спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ қор нарығы, тұтынушылар мен инвесторларды қорғау, қаржылық технологиялар, жасыл және исламдық қаржыландыру, бағалы қағаздар нарығының құралдары, сондай -ақ кәсіби біліктілікті үздіксіз арттыру саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.

Толығырақ ақпарат, іс-шара бағдарламасы және іс-шараға тіркелу сілтеме бойынша қол жетімді: https://afsa.aifc.kz/kz/events/wiw-2021/.