Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 35,5 трлн теңгені құрап, бір жылда 21,4% ұлғайды (2023 жылғы 1 сәуірде 29,3 трлн теңге).
Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,4%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 53,6%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі.
Бұл ретте бизнеске кредиттер бір жылда 15,0% өсіп, 16,5 трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 27,6%, 19,1 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 21,3%, 32,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 23,5%, 3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен).
Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 86,1%-ын құрады.