2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 150 эмитенттің 164 акциясы болды, оның 43 шығарылымы KASE Global секторындағы айналысқа жіберілді.
2022 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша KASE индексі 5,3%-ға 3 361,98 тармаққа дейін төмендеді. «Қазақтелеком» АҚ-тың (-12,4%) және «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ-тың (-12,4%) акциялары көбірек төмендеді.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы ақпанда листингтелетін компаниялар акциялары құқының түсуі есебінен 13,3%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге азайып, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 23,1 трлн теңге болды.
Акциялар сауда-саттығының көлемі 2022 жылғы қаңтардағы акциялар сауда-саттығының көлемімен салыстырғанда 3,4%-ға немесе 0,3 млрд теңгеге ұлғайып, ағымдағы жылғы ақпанда 10,3 млрд теңге болды.