Ай қорытындысы бойынша пәтерлерді пайдалануға беру шамамен 60%-ға өсті.
Наурызда 10,5 мың пәтер пайдалануға берілді. Бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 57% (3,8 мың бір.) көп. ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша кем дегенде 2019 жылдан бері көктемнің басында мұндай көп болмаған.
Жалпы өсімнің жартысынан астамы Алматыға тиесілі. Қалада дайын пәтерлердің саны 2023 жылдың осы айына қарағанда үш есеге артып, 3 мың бірлікке жеткен. Осылайша Алматының жалпы дайын пәтерлер көлеміндегі үлесі 29%-ды құрады. Ақпанда 7% ғана болатын.
Астанада бұдан көп болды — 3,7 мың бір. Алайда жылдық көрсеткішке тек 11% қосылған. Жалпы елордаға барлық дайын пәтерлер көлемінің 35% тиесілі.
Пайдалануға берілген пәтерлердің жалпы саны I тоқсанның қорытындысы бойынша 20%, 25,4 мыңға дейін өскен. Ал Астана жиынтық өсімнің 70%-ын алып отыр. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша қалада 11,2 мың пәтер (+34%) пайдалануға берілген. Ал Алматының нәтижесі ойдан шықпады — 4,7 мың (-7%).