Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалғанын хабарлады. Ол Қазақстанның минералдық-шикізат базасына 987 қатты пайдалы қазбалар бар екенін және оларды барлау динамикасы оң болып қалатынын атап өтті.
«Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Қазіргі өндіріс көлемімен мыс қоры 40 жылға жетеді. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барлануда», — деді Қанат Шарлапаев.