Brent маркалы мұнай бағасы 4 қазан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де $81,98-ға жетті. Осылайша соңғы үш жылда алғаш рет 81 доллардан асып отыр.
Қазіргі таңда мұнай бағасы 3,2% қымбаттады. Кешегі сауда күнінің соңында баға $79,27 болған еді. Жалпы, тамыздың 23-нен бері мұнай құны тұрақты өсіп келеді.
Ал WTI маркалы мұнай бағасы 3% өсіп $78 болды.
Мұнай бағасының қымбаттауына бірінші кезекте сұраныстың уақыт өткен сайын ұлғайып келе жатқаны әсер етіп отыр. ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін 400 мың баррельге көбейту туралы шешіміне қарамастан, мұнай бағасының оң динамикасы сақталуда.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ОПЕК+ елдерінің жиыны өтіп еді.