Сауда және интеграция министрлігі бюджетті толықтыру мақсатында мұнай өнімдерінің 320 тауар позициясын экспорттағанда тоннасына 60 доллар көлемінде қосымша баж салығын енгізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта баж салығы тек шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттау кезінде орташа нарықтық баға коэффициенті негізінде ғана төленеді. 

Өндіріс құны барреліне 25 доллардан төмен болса, баж салығы нөлге тең болады.