Шикі мұнай өндіру ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 31,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық, деп хабарлайды energyprom.kz.
Маусым айының соңында бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер кеңесі өтіп, ОПЕК+ елдерінің тамыз айындағы өндірудің ағымдағы деңгейін тәулігіне 0,648 млн баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды. . Қазақстанның тамыздағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстан Республикасында өндірілген шикі мұнайдың барлығы дерлік экспортқа шығарылды. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 25,3 млн тонна өндірілді, оның 24,4 млн тоннасы экспортқа шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Бұл ретте ішкі нарықтағы сату көлемі 2 еседен астам, яғни 1 млн тоннаға дейін қысқарды.
Қаңтар-мамырда бұл ретте 30,2 млн тонна шикі мұнай және битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері экспортталды, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,1%-ға артық. Көлемнің жартысынан астамы Италияға (8,3 млн тонна), Нидерландыға (3,3 млн тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 млн тонна) және Қытайға (2,2 млн тонна) жөнелтілді.