2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2022 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2 трлн теңгеге дейін 0,03%-ға (2022 жылдың басынан бастап 10,3%-ға өсу) аздап ұлғайды.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес (70,7%) бағалы қағаздарға – 1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 126 млрд теңге (6,3%), сақтандыру дебиторлық берешекке – 90 млрд теңге (4,5%) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы қыркүйекте 1,3 трлн теңгеге дейін 0,3%-ға азайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 15,4%).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы қыркүйекте 0,5%-ға немесе 4,2 млрд теңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен 763 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы қыркүйекте сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 10,1 млрд теңге (2022 жылдың басынан бастап – 105,3 млрд теңге) болды.
2022 жылғы қыркүйекте жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 145 631 шартты құрады, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 0,1%-ға аз.
2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 9 332 079 шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (332 323 шарт немесе 8,0%), туристі сақтандыру (203 258 шарт немесе 49,4%) және ауырған жағдайда сақтандыру (171 567 шарт немесе 40,1%) бойынша шарттарға келеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы қыркүйекте 55,5 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың 9 айында сақтандыру сыйлықақылары 592 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға немесе 69 млрд теңгеге артық. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері 127,9 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша орын алды (19,4 млрд теңгеге немесе 64,2%-ға ұлғаю).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 9 айында 213,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға аз. Төмендеу негізінен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 59,1%-ға немесе 28,5 млрд теңгеге төмендеуіне байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 250,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,7%-ға артық. Өсім негізінен мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 19,3%-ға немесе 21,4 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 53,6%-ға немесе 12,4 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2022 жылғы қыркүйек айындағы сақтандыру төлемдері 23,3 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 136 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,1%-ға артық. Өсім негізінен қарыздарды сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің 7,1 млрд теңгеге және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің 8,7 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2022 жылдың басынан бері барлығы 640 038 төлем, 2022 жылғы қыркүйекте – 75 593 төлем жүзеге асырылды.