2021 жылдың II тоқсанында микронесиелендіру көлемі 533,2 млрд теңге болды. Соның ішінде 368 млрд теңге заңды тұлғаларға, 165,1 млрд теңге жеке тұлғаларға берілген.
Төлейтін уақыты кешіктіріліп жатқан шағын несие көлемі 11,1 млрд теңгені құрады, соның ішінде 8,3 млрд теңге жеке тұлғалардың мойнындағы қарыз болса, 2,7 млрд теңге бизнестің борышы.
Уақыты өтіп кеткен қарыздың үлесі жалпы несие портфелінің 2,1%-ын құрайды. Соның ішінде заңды тұлғалар несиенің 0,7%-ын, жеке тұлғалар 5,1%-ын төлемей жүр.
Кешіктіріліп жатқан 11,1 млрд теңгенің 8,1 млрд теңгесі уақытынан 90 күн асып кеткен. Бұл жалпы несие көлемінің 1,5%-ы.