METRO AG компаниясы Қазақстандағы қызметін 2027 жылғы наурыздың соңына дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты METRO Қазақстанның барлық 6 дүкені мен жеткізу қызметі кезең-кезеңімен жабылады.
«Бұл шешім соңғы бірнеше айда METRO-ның Қазақстандағы бизнесінің ұзақ мерзімді перспективаларын жан-жақты талдау нәтижесінде қабылданды», делінген хабарламада.
«Қазір METRO Қазақстанның барлық қызметкерлері үшін өте күрделі кезең басталды», – деді METRO Қазақстанның бас директоры Месут Догукан.
METRO Қазақстан нарығына 2009 жылғы қазанда шығып, көтерме сауда саласындағы алғашқы халықаралық компания болды.