2026 жылдың III тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен 72 791 теңге болды. Ал қаңтар–қыркүйек айларындағы орташа көрсеткіш 68 188 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді — 80 928 теңге. Одан кейін Маңғыстау облысы (78 678 теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (76 283 теңге) тұр.
Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі 75 486 теңге.
Ең төмен көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында — 63 796 теңге. Атырау облысында — 66 689 теңге, Түркістан облысында — 66 886 теңге, Ақтөбе облысында — 67 629 теңге.
Әлеуметтік-демографиялық топтар арасында ең жоғары көрсеткіш 14–17 жастағы ұлдарда — 91 345 теңге. 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлерде — 86 013 теңге, әйелдерде — 68 258 теңге.
14–17 жастағы қыздар үшін көрсеткіш 69 986 теңге, 13 жасқа дейінгі балалар үшін — 61 400 теңге, ал зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 67 732 теңге болды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі — азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерді қамтитын тұтыну себетінің құндық бағасы.