Мемлекеттік кірістер комитеті 8 мыңға жуық қазақстандықтың мобильді аударымдарын тексереді, деп хабарлайды LS.
Комитет өкілі Нұржан Қуандықовтың түсіндіруінше, жалпыға бірдей декларацияның бірінші кезеңіне 570 мыңнан астам адам қатысты - бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары. Оның айтуынша, бір тоқсанда ай сайын 100-ден астам аударым алған 8 мың адам анықталды.
Қуандықов қазіргі уақытта банктерден алынған ақпаратқа талдау жасалып жатқанын түсіндірді. Ол мұндай деректердің алғаш рет анықталғанын атап өтті.
«Алайда бұл нақтылауды қажет етеді, ескертулер мен айыппұлдар беріледі деп бірден айта алмаймыз», - деп қосты Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.
Ол алдымен салық төлеушілерге хабарланатынын, заңбұзушылық түзетілмесе, айыппұл салынатынын жеткізді. Заң бойынша жою мерзімі 30 күн. Қуандықов тексерудің негізгі факторы бір ай ішінде 100 және одан да көп аударымдарды алу екенін қосты.
Бұған дейін Қуандықов егер жеке тұлға декларация ұсынбаған болса, онда ескерту жоспарланған әкімшілік хаттама болатынын, яғни айыппұл төлеудің қажеті жоқ екенін хабарлаған болатын. Алайда, бір жыл ішінде бұл бұзушылық қайталанса, 15 АЕК (51,7 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Оның айтуынша, декларацияда жыл ішінде бірінші рет толық емес немесе сенімсіз ақпарат бергені үшін тек ескерту ғана болады, ал қайталап бұзғаны үшін 3 АЕК (10,3 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады деп жоспарлануда. Қуандықов бірінші рет салық салу объектілерін жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200 пайызы көлемінде айыппұл қарастырылғанын атап өтті. Ал бір жыл ішінде дәл осындай бұзушылық қайталанса, бұл көрсеткіш 300 пайызға дейін артады.