Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының (Freedom Life ӨСК) сарапшылары мұз инфрақұрылымының қалай ұйымдастырылғанын, жас спортшыны дайындау қанша тұратынын және бұл спорт түріне қандай қаржылық тәуекелдер тән екенін зерттеді.

Олимпиададағы жеңістер әдетте «көрме әсерін» тудырады: бір спортшының табысы жалпы спорт түріне деген қызығушылықты арттырады. Ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудағы алтын медальдан кейін Қазақстанда бұл спортқа назар айтарлықтай өсті — спорт мектептері өтініштердің көбейгенін тіркеп отыр, ал ата-аналар мұз айдынын басқа секцияларға балама ретінде жиі қарастыра бастады.

Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанау — елдің спорттық болмысының бір бөлігі. Қысқы спорт түрлерінің символы ретінде Алматыдағы биік таулы «Медеу» мұз айдыны саналады — бұл әлемдік деңгейдегі тарихи арена және мұз спортының дамуын көрсететін мәдени нышан.

Сонымен қатар заманауи инфрақұрылымдық база әлі де шектеулі деңгейде қалып отыр: Қазақстанда IIHF стандартына сай 47 жабық мұз айдыны жұмыс істейді. Салыстыру үшін: Канадада — 2860, АҚШ-та — 2230, Жапонияда — 97, Оңтүстік Кореяда — 44.

Жабық мұз ареналарымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша Қазақстан мұз спорты жаппай дамыған елдер (Канада, АҚШ) мен инфрақұрылымы ықшам болғанымен, мәнерлеп сырғанау белсенді дамып жатқан Азия мемлекеттерінің арасында орналасқан.

Олимпиададағы жетістіктен кейін қызығушылықтың артуы алдағы уақытта мұз нысандарына инвестиция салуға ықпал етуі мүмкін — мұндай үрдіс бірқатар елдерде халықаралық аренадағы жарқын нәтижелерден кейін байқалған.

Спорт қанша тұрады?

Қазақстанда мемлекеттік спорт мектептеріне қабылдау 4–5 жастан басталады. Көбіне жыл сайын бастапқы дайындық топтарына іріктеу жүргізіледі. Ресми түрде Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқу тегін, алайда спортшы жоғары деңгейге өткен сайын ата-аналар жеке жаттығуларға, жарыстарға қатысуға және оқу-жаттығу жиындарына қаржы салады.

Халықаралық Long-term athlete development моделі жоғары жарыс деңгейіне шығу үшін кемінде 8–10 жыл жүйелі жаттығуды көздейді. Бұл мәнерлеп сырғанау — жүктемені де, бюджетті де ұзақ мерзімге жоспарлауды талап ететін спорттық бағыт екенін білдіреді.

Мәнерлеп сырғанауға кететін шығындар қалаға, дайындық деңгейіне және спортшының мақсат-мұратына байланысты айтарлықтай өзгереді.

Орта есеппен айына 12–16 сабақтан тұратын базалық абонемент отбасыға 50 000–75 000 теңге аралығында түседі. Жүктеме артқан сайын қосымша топтық және жеке жаттығулар қосылады.

Мәнерлеп сырғанаудағы жылдық бюджет дайындық қарқындылығы мен жарыстарға қатысу белсенділігіне тікелей байланысты. Егер бала аптасына 2–3 рет жаттығып, аз жарысқа қатысса, отбасының жылдық шығыны шамамен 600 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін болады. Ал жаттығу тәртібі анағұрлым қарқынды болып, күн сайынға жуық жаттығулар мен маусымына 4–6 жарыс қарастырылса, бюджет 1,8–3,5 млн теңгеге дейін өседі.

Егер дайындық жоғары спорттық нәтижеге бағытталып, тұрақты оқу-жаттығу жиындарын, жиі сапарларды және кәсіби жабдықтарды қамтыса, жылдық шығын 5–10 млн теңгеге және одан да жоғары деңгейге жетуі мүмкін.

Мәнерлеп сырғанау балалар спортының ең қаржы сыйымды түрлерінің бірі саналады. Дегенмен көптеген отбасылар үшін бұл тек шығын емес, сонымен қатар баланың физикалық дамуына, тәртібіне және сахналық тәжірибесіне салынған ұзақ мерзімді инвестиция болып табылады.

4–6 жас — жаттығуды бастау үшін оңтайлы кезең. Ал алғашқы айқын спорттық нәтижелер әдетте 3–5 жыл тұрақты жаттығудан кейін көріне бастайды, ал жоғары деңгейге шығу үшін 8–10 жыл жүйелі дайындық қажет. 

Мәнерлеп сырғанаудағы жарақаттану және қаржылық қорғаныс

Мәнерлеп сырғанау секіру элементтерін, айналуларды және аяқтың арнайы ботинкада қатаң бекітілуін біріктіреді. Бұл тірек-қимыл аппаратына ерекше жүктеме түсіреді. Ең жиі кездесетін жарақаттар — тобық буынының созылуы, тізе буынының шамадан тыс жүктемеден зақымдануы, стресс-сынулар және бел аймағындағы ауырсынулар. Жарақаттардың едәуір бөлігі тек құлаудан ғана емес, қайталанатын жүктеме мен жаттығу көлемінің біртіндеп артуынан туындайды.

Жаттығу қарқыны мен жарыстарға қатысу жиілігі артқан сайын жарақат қаупі тек медициналық мәселе ғана емес, қаржылық факторға да айналады. Қазақстанда жекеменшік клиникаларда травматологтың алғашқы қабылдауы орта есеппен 8 000–15 000 теңге тұрады, бір буынға жасалатын МРТ — 20 000–45 000 теңге, ал оңалту курсы жарақаттың күрделілігіне қарай 80 000–150 000 теңгеден және одан жоғары болуы мүмкін.

Операциялық араласуды қажет ететін ауыр жарақаттар кезінде диагностика, операция және қалпына келтірудің жалпы шығыны 500 000–1 000 000 теңгеге дейін жетуі ықтимал. Тіпті бір ғана жарақат отбасы бюджетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, әсіресе егер әңгіме сырт аймақта өтетін жарыстар немесе ұзақ қалпына келу кезеңі туралы болса.

Қазақстанда спортпен белсенді айналысатындар үшін — кәсіби мәнерлеп сырғанаушылардан әуесқойларға дейін — Freedom Sport бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл жазатайым оқиғалардан сақтандыру, оны бір жылға да, қысқа мерзімге де — бір күнге, аптаға немесе айға рәсімдеуге болады. Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының сарапшыларының мәліметінше, сақтандыру сомасы 1 млн теңге болған жағдайда жылдық полистің құны 6 125 теңгені құрайды.

Егер қорғаныс бір күнге ғана қажет болса (мысалы, жарыс кезінде), 1 млн теңге сақтандыру сомасы үшін баға — 306 теңге, 2 млн теңге үшін — 508 теңге, ал 3 млн теңге үшін — 709 теңге. Сақтандыру аумағы — бүкіл әлем, бұл өнімді халықаралық жарыстарға қатысу кезінде ыңғайлы етеді.

Осылайша, сақтандыру жаттығу мен жарыс кестесіне бейімдеуге болатын қолжетімді қаржылық қорғаныс құралына айналады. Ол спорттық жолды жүйелі жоспарлаудың — бюджет, кесте және жаттықтырушы таңдаумен қатар — маңызды бөлігі болып саналады.